Саясат

Корейліктер өздерінің зениттік кешенін дамытпақшы

Баллистикалық зымыран

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа зениттік жүйені Оңтүстік Корея өз аумағын Солтүстік Кореяның авиациялық және баллистикалық зымырандарынан қорғау үшін пайдаланбақшы.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі l-SAM зениттік зымыран кешенін әзірлеу жобасының ғылыми-зерттеу кезеңінің аяқталғанын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға кіріскендігін жариялады. Бұл туралы Rambler хабарлайды.

Жақын арада Корей Қорғаныс министрлігі бірнеше жергілікті корпорациямен перспективалық кешеннің жекелеген компоненттері мен жүйелерін әзірлеуге келісім жасайды. Оңтүстік Корея өзінің зениттік кешенін құру қажеттілігін –  КХДР-да зымырандық қару-жарақтың белсенді дамуымен түсіндірді. Сонымен қатар, кешенді әзірлеу Ұлттық қорғаныс кәсіпорындарын қолдауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Оңтүстік Кореяның әскери күштері L-SAM-ды дамытуға 813 миллион доллар жұмсауға ниетті.

Жоба бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда, ал жаңа кешен 2028 жылдан кешіктірілмей қару қатарына қойылуы тиіс.

Жобаға сәйкес, жүйе 40-60 мың метр биіктіктегі нысандарды анықтай алады. Әзірлеу барысында солтүстіккорейлік баллистикалық ракеталардың жауынгерлік блоктарын ұстап қалу мүмкіндігіне ерекше назар аудару жоспарлануда.