Спорт

Головкин Туринде Роналдумен кездесті

Футболшы Instagram желісінде GGG-мен селфиін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр.

Спортшылар Instagram желісіндегі парақшаларында Туринде DAZN түсіріліміне қатысып жатқандарын жазды.


- Туринде досым Криштиану Роналдумен тамаша күн. DAZN-мен жаңа жоба дайындап жатырмыз, - деп жазды Головкин.


Оған португалиялық футболшы "Ювентустың" жейдесін сыйлаған.


- Ерекше досыммен DAZN үшін жаңа қызық жобада жұмыс істеп жатырмыз. Көріскеніме қуаныштымын, GGG, - деп жазды Роналду.



Сонымен қатар, Криштиану Роналду  192 миллион жазылушысы бар Instagram-парақшасында Головкинмен түскен селфиін жариялады.
Бұған дейін Головкин Роналдуды өзінің сүйікті футболшысы деп атаған еді.


Естеріңізге салсақ, Головкин қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған. Қазақстандық боксшы рингке қыстың соңында не көктемде оралады деген жоспар бар.