Саясат

Түрмеден сотталғандардың қашып кеткені рас па – ІІМ жауап берді

Түрмеден қарулы топтың қашып кеткені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстандағы түрмеден сотталғандар қашып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, кеше белгісіз біреулер Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/15 мекемесінен қаруы бар сотталған азаматтар қашып кеткені туралы хабарлама таратты.

"Семей қаласы 35 колония, қаруы бар зектер қашып кетті. Семей, Дмитриевка, Бородулиха, Жезкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 100% ақпарат", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Қазіргі кезде қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде жағдай тұрақты", - делінген комитеттің ресми хабарламасында.

Осыған байланысты комитет мамандары жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін еске салды.

Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.