Bugin
Жер телімін беру туралы келіп түскен 3422 арыз қанағаттандырылды. Ал, 2800-і Жер заңнамасының ережелеріне сәйкес, бас тартылған
Сонымен қатар, әкімдіктің 2443 қаулысы, оның ішінде иелену, жеке меншікке сатып алу, нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелеріне алғашқы құқықтар табыстау, жер учаскелерінің пайдалану мерзімін ұзарту және т.б. бойынша 2413 қаулы қабылданған және беруден бас тарту, өзгертулер енгізу немесе пайдалану құқығын тоқтату бойынша 40 қаулы қабылданған.
2019 жылдың алғашқы 10 айында Жер комиссиясының 31 отырысы өткізілген. Оның ішінде жер учаскелерді беру жайында жеке және заң тұлғаларының 5034 арыздары қарастырылған. Олардың 2445 келісіліп, қалған 2589 бас тартылған.
Бұдан бөлек, жеке және заңды тұлғаларға әкімдіктің 3457 қаулысы қабылданды. Оның ішінде иелену, жеке меншікке сатып алу, нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелеріне алғашқы құқықтар табыстау, жер учаскелерінің пайдалану мерзімін ұзарту және т.б. бойынша 3426 қаулы қабылданған және беруден бас тарту, өзгертулер енгізу немесе пайдалану құқығын тоқтату бойынша 31 қаулы қабылданған.