Саясат

Алматыда 9 салалық комитет құрылды

Шағын және орта бизнес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда кезекті жиын өтті. Бас қаладағы бизнес қауымдастығының бұл жолғы кездесуінде 9 салалық комитет құрылды.

Жиында Алматы бизнес қауымдастығының өкілдері «Алматы – 2050» даму стратегиясын талқылады. Сонымен қатар кездесуде 7 басым бағытты іске асыру бойынша 9 салалық комитет құрылды.

Кездесуде қандай мәселе талқыланды?

Кездесуде Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне мән беретін басымдық танытар мәселелер қарастырылды. Жалпы айтқанда «Алматы - 2050» даму стратегиясы, ақылды және қауіпсіз қаланы, шетсіз қаланы дамыту перспективалары төңірігінде әңгіме болды. Сонымен бірге қазіргі кезде президент тапсырмасы бойынша елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралып, іскерлік кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.  Арнайы басқосуда кеңес мүшелері осы тақырыптар негізінде біраз әңгіме өрбітіп, өзара пікірлерімен бөлісті.

Комитетке кімдер мүше болды?

- Алматы бизнес қауымдастығының өкілдері

- Қала әкімінің орынбасарлары

- 9 салалық басқарманың басшылары

Алматының бизнес қауымдастығы «Алматы-2050» даму стратегиясын талқылады