Саясат
АҚШ Таяу Шығысқа 4-7 мың әскерін орналастыруы мүмкін
Бір топ адам Сирияның оңтүстік-шығысындағы америкалық әскери базаға шабуыл жасады, деп хабарлайды Al-Ikhbariya мемлекеттік телеарнасы. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Шабуыл жасалған база АҚШ-тың Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстік-шығысындағы «Омар» мұнай кенішіндегі заңсыз базасы екендігі анықталды.
БАҚ мәліметтері бойынша, шабуыл жүк көлігінің әскери техникамен келуімен сәйкес келген.
- Америкалық оккупанттар шабуылға артиллериялық оқпен және жарық-дыбысты гранаталармен жауап берді, - деді арна.
2014 жылдан бастап Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары Сирия мен Иракта ИМ лаңкестік тобына қарсы әскери операция жүргізіп келеді, ал Араб Республикасында олар ел билігінің рұқсатынсыз және БҰҰ рұқсатынсыз жұмыс істейді.
Күзде Түркияның күрдтерге қарсы жүргізген операциясы кезеңінде, Вашингтон әскери күштерін шығарып тастайтындығын жариялаған болатын. Кейін контингенттің бір бөлігі мұнайлы аудандардан кетпейтіндігі белгілі болды.