Weekend
Қыс кезінде үйді жылтудың өзі бір мәселе, әсіресе, кең бөлмелерді. 2-3 қабатты үй салып жатсаңыз, бөлмелері кең болса кәдімгі радиатормен жылынуы қиын. Ондай үйлерді жылытудың ең ұтымды жолы жылы еден салу
Қыс кезінде үйді жылтудың өзі бір мәселе, әсіресе, кең бөлмелер. 2 — 3 қабатты катедж салып жатсаңыз, бөлмелері кең болса кәдімгі радиатормен жылынуы қиын. Ондай үйлерді жылытудың ең ұтымды жолы жылы еден салу.
Жылы еден қалай орнатылатынын қысқаша түсіндіріп көрейін.
Ең алдымен, еденді теп-тегіс етіліп бетонмен құйылады.
Еденнің бетіне фольга немесе басқа да материал төсейміз. бұл жылудың жерге қарай таралып кетпесі үшін істелінеді.
Фольганы неғұрлым қалыңырақ төсеген дұрыс, екі қабат етіп төсеу артық болмайды.
Келесі кезекте трубаны дайындаймыз. Жылы еденнің өзінің арнайы плассмасса трубасы болады. Трубалар белгілі бір ұзындықта кесіліп дайындалады, 50- 75 метр аралығында кесіледі (бұл енді үйдің көлеміне байланысты есептеледі).
Келесі де трубаны жерге айналдырып жатқызып шығады, жерге жатқызудың әртүрлі әдістері бар, полға цемент шеге қағу, астына тор тастау. Ең қолайлысы темір тор төсеп, трубаны соған байлау.
Назар аударатын жайт; трубаны бір ұшынан бастап еденге байлап, жаңағы кескен бөлігі біткенше жатқызамыз, труба бітуге жақындағанда екінші ұшын, басталған жеріне қайта әкелуге көңіл бөлуіміз керек.
Трубаның кесілген бөлігін жатқызып болған соң келесі бөлігін жатқызамыз. Осылайша үйді толық қамытығанша жалғастырамыз. Ал трубаның әр бөлігінің екі ұшы жылы еденге арналған су бөлгіш коллекторға жалғанып отырады. Бір ұшы баратын суға жалғанса, бір ұшы қайтатын суық су жағына жалғанады.
Жылу жүйесін орнатудан азырақ хабары бар адам біледі, баратын қайтатын екі су трубасы болатындығын. Коллектор барлық ұсақ трубаларды өзінің екі үлкен трубасына тұтастырады, ары қарай дәстүрлі жылу жүйесінің механизмімен ұқсас.
Коллектордан шыққан екі үлкен труба бару, қайту трубасы ретінде пешке жалғанады.
Соңында дайын болған жылы еденімізге стяжка жатқызамыз.
Газбен жұмыс істейтін пеш таңдауда, үлкен көлемге арналған печ алғаныңыз жөн, өйткені айналыстағы судың көлемі үлкен. Мысалы, сіз 100 шаршы метрге жылы еден орнатқан болсаңыз, 200 шаршы метрге арналған печ алғаныңыз жөн. Үйіңіз жылылыққа толсын.