Weekend

Желтоқсанда бақбақ гүлдеді

Таразда қыс айында бақбақ гүлдей бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Таразда қыс басталғанда бақбақ гүлдеді. Күннің жылуынан шаһарда көк шөптер көрініп, саябақтар мен алаңқайларда қылтиып гүл шықты.

Кейбір ағаштар тіпті бүр жара бастаған. Ал бақбақ гүлдер қаланың қақ ортасындағы алаңда өсіп тұр. Мұндай таңғажайып құбылысқа мамандар климаттық өзгерістер себеп дейді. Негізінен соңғы күндері Жамбыл өңірінде ауа температурасы 18 градусқа дейін көтерілді.

Қазгидромет орталығының хабарлауынша, желтоқсан айы жылы болады. Дегенмен, жақын күндері жаңбыр жауып, күн -3 градусқа дейін суытады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады деп күтілуде.