Weekend

Шымкенттің көне орындары: Қазыбек би көшесі

Туристке анықтама

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының көне көшесі, бұрын Кеңес, одан алдын Николаевская есімімен аталған. Қазыбек би көшесінің бойымен жүрсеңіз, Шымкент қаласының ХХ ғасырдағы келбеті қандай болғанын анық көресіз. 

Бұл көшеде 1917 жылғы революция туралы хабар келген бас пошта, алғашқы ғимараты дін қызметшісі Дмитрий Вознесенскийдің қаражатына салынған №8 мектеп-гимназиясы, облыстық аурухана орналасқан. Бұрын облыстық аурухананың орнында тек фельдшер ғана жұмыс істеген әскери шағын аурухана болған екен.

Ал өлкетану мұражайының ғимараты кейініректе салынған. Әзіл-сықақ және сатира театры, Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония да осы көшеде орналасқан. 

Көшенің кіреберісінде қазақстандық суретшілердің белгілі бірлестігіне атау берген, белгілі арт-объект, 30-шы жылдардағы «Универсал» қызықты тракторы тұр.

Мәліметтер Шымкент қаласының туризм басқармасынан алынды.