Weekend
Қазақстанның қай өңірінде қонақ үй саны көп?
Алакөл көлі курорттық аймағының үлкен үлес қосуының арқасында Алматы облысында қонақ үй қызметтерінің көлемі біршама артты.
Есептеудің нәтижесіне қарағанда, Алакөл қонақ үйлерінің қызмет көрсеткен келушілерінің саны - 440 мың. 2019 жылы Алматы облысында көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеген. 2019 жылдың қыркүйек айының өзінде бір мезгілде 27 мың адамдық 540 қонақ үй бизнесімен айналысатын кәсіпорын және жеке кәсіпкерлер тіркелген. Осы жылы олар 733,7 мың адамға қызмет көрсетті. Жалпы көрсетілген қызметке 8,4 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Жалпы Қазақстанда 2019 жылдың қыркүйек айында 3 630 қонақ үй бизнесімен айналысатын кәсіпорын және жеке кәсіпкерлер тіркелді. Бұдан шығатын қорытынды, есеп былтырғы жылға қарағанда 8,5%-ға өскен.
Қонақ үй саны: Шығыс Қазақстан облысы – 15,6%, Алматы облысы – 14,9% және Ақмола облысы — 11,2%.
Республикалық маңызы бар қалалар арасында Алматы алдыңғы орынға жайғасты. Олар: Алматы – 9,3%, Нұр-Сұлтан – 5,7% және Шымкент – 3%.
Биыл қонақ үй объектілерінің саны бойынша ең жоғары өсім Алматыдан (+28,7%) байқалады. Ал өңірлер арасынан ең жоғары өсім Түркістан (+18,3%), Қызылорда (+15%) және Ақмола (+14,3) облыстарында белгіленді.