Weekend
2200 жылдық қалашық
Шымкенттің ең атақты көрнекті жері – біздің дәуірімізге дейін ІІ ғасырда іргесі қаланған Ескі қалашық. Бұл жерде қаланың бойтұмары – оның ұзыннан ұзақ созылып жатқан қабырғасы мен бекініс-қақпалар.
Қазу жұмыстарын жүргізген археологтардың пікірі бойынша қаланың жасы 2200 жылдан артық.
Оған табылған олжалар дәлел: моншақ, қола айна, үзеңгі, күміс әшекей, монеталар мен тағы басқалар.
Бүгінгі күні Ескі қала жаңа қаламен байланысып, Ескі қаланың түбінде қаланың жаңа тарихының символы – Тәуелсіздік саябағы орын тепкен. Мұнда алаңы Қазақстанның көк байрағы желбіреп тұр. Тудың ауданы - 120 шаршы метр. Саябақта ән шырқайтын субұрқақ бар. Саябаққа келген жан Шымкент қаласының керемет келбетіне қанық болмақ.
Жақын арада Ескі қала абаттандырылып, Шымкент қаласының туристтік орталығына айналмақ.
Ескі қаланың ортасында көне қамал қалпына келтіріліп, жинақы көше, көркейтілген жағалау, сәнді кафелер мен шайханалар, қолөнер шеберханалары ашылмақ.
Мәліметтер Шымкент қаласының туризм басқармасынан алынды.