Weekend

Туристтік орын: Шымкенттегі Жәми мешіті

Ескі мешіт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы ең ескі мешіт - Жәми мешіті. ХIХ ғасырда іргесі қаланған ескерткіш. Оны Ферғана өңірінен келген шеберлер салған. Оны серхана сәулет өнері үлгісімен салынғанынан-ақ білуге болады. 

Қаланған әшекей тастар, тауашалар, шығыңқы порталдар, жазуы бар өсімдік өрнектер, саялы ішкі аула – бәрі осының дәлелі.

Кезінде үлкен мешіт болған екен.

Қошқар ата бұлағы – шымкенттіктер үшін қасиетті орын. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерінің бірі Қоқшар қария жолаушыларға тас астындағы бұлақты көрсеткен. Бұлақ өзенге айналып, жағасында оазис пайда болып, бұл жерге қаланың бірінші қоныстанушылары келе бастаған.

Бұлақ әлі күнге дейін тап-таза әрі шипалы. Одан су ішуге болады. Бұлақтың төменгі жағында суға шомылуға болады. Судың температурасы қысы-жазы 11 градустан суыған, ысығына да емес. Сондықтан шымкенттіктер мұнда жыл он екі ай шомылады.

Бастаудың басында Қошқар ата кесенесі тұр. Өзен басы күзетілген табиғи аймақ, серуендеу, шомылуды жақсы көрсетіндер үшін сүйікнті орын.

Наурызды тойлау қарсаңында «Сейіл – Қошқар ата» фестивалі өткізілетін жер.

Мәліметтер Шымкент қаласының туризм басқармасынан алынды.