Саясат
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкентке келгенінде азаматтарды қабылдады
Аида Ғалымқызы қала әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауды бастады. Алдын ала қабылдауға жазылған 70 азаматтан бөлек, Президенттің көмекшісіне жеке кіремін деген оншақты адамнан қосымша тізім жасақталды.
Айта кететін болсақ, жылдан жылға азаматтардың белсенділігі артуда. Шағымдардың басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік жәрдемақы, нан бағасы, мүгедектерге тиесілі қолдау, жер телімін заңдастыруға қатысты болды.