Экономика
Видео
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жариялаған ақпарат бойынша, Алматыда ҰҚК мен прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастаған.
- Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табу үшін интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған. Тиісінше, осы салаға салық салынбаған. Ақшалай қаражатты Қазақстан шегінен тыс заңсыз шығару арналары анықталып, оқшауланды. Қаржы қылмысына жататын өзге де әрекеттер тіркелуде, - делінген хабарламада.
29 қарашада Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Олимп» БК сауда белгісімен «Only bet» ЖШС және «Alpha bet» ЖШС берілген лицензия қолданысын жарты жылға тоқтатты. Қазіргі таңда «Олимп» БК заңсыз әрекетінің, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың нақты ауқымын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.