Саясат

«Арыс» деректі фильмі жарыққа шықты (видео)

Арыс туралы түсірілген алғашқы деректі фильм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 24 маусымындағы Арыстағы әскери қоймағада жарылыс болды. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, қираған үйлер қалды. Ұлттық деңгейдегі трагедияға айналған Арыстағы жарылысқа президент Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі келіп, халықпен бірге қайғыға ортақтасып, қираған үйлерді қалпына келтіру, халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы арнайы тапсырма берді.

Қазір желтоқсан айы. Алда еліміздің тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Bugin Media (Bugin.kz) және Bugin Entertainment компаниялары бірігіп, Арыстағы қазіргі жағдай туралы зерттеу жұмыстарын жасап, Арыс туралы алғашқы деректі фильмді ұсынып отыр.

Осы деректі фильмді түсіру барысында Арыс қаласында көмек қолдарын созған, барлық деректі жинауға және сұқбат алуға өз үлестерін тигізген жергілікті халыққа және басқа да азаматтарға компания атынан алғысымызды білдіреміз.

 


Продюсер: Айбек Қуатбай

Режиссер және оператор: Тұран Мұрал

Бас редактор: Серік Ноян

Редактор: Садық Шерімбек

Монтаж: Тұран Мұрал, Гүлжан Серікбай, Серік Ноян

Графика және түс өңдеу: Тұран Мұрал