Weekend

Шымкент – Орта Азиядағы тарихы терең қала

Қонақжай Шымкент

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент – Орта Азиядағы тарихы терең, мәдениеті бай ежелгі қалалардың бірі. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, жүздеген жылдар бойы көптеген оқиғалардың куәсі болған көне шаһар бүгінде қай жағынан алғанда да өсіп-өркендеу үстінде. Қазіргі таңда қала тұрғындарының саны бір миллионнан асады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналдыру туралы тапсырма берді. Ал 2018 жылы Шымкент еліміздегі үшінші миллиондық қала атанып, бөлек аймақ ретінде құрылды. Алматы қаласымен иық тіресіп бірге тұратын шаһарға айналды. 

Жаңарып-жасарған, көркіне көрік қосқан Шымкент қазірдің өзінде Қазақстандағы өнеркәсіп, сауда және мәдени орталығы болып табылады. Қалада кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасалған. Өзге де сан-салаларда атқарылып жатқан жұмыстар қаншама. Яғни, таяу болашақта Шымкент қаласы халық пен инвестициялардың шоғырлану орталығына, ғылым мен білімнің ордасына айналатынына сенім мол.

Шымкент қаласы қашанда қонақжайлығымен, әсем де сұлу орындарымен келушілердің назарын өзіне аударады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61