Спорт

Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир өтуде

Алыс-жақын шетелден келген спортшылар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019  жылдың 5-11  желтоқсан аралығында Шымкент қаласында, Қажымұқан атындағы орталық стадионда, жеңіл-атлетика кешені ғимаратында  өңіріміздің спорт және дене шынықтыру саласының биік шыңдардан көрінуіне үлес қосып, қызметте  жемісті де адал еңбек еткен дара тұлғаны мәңгілік еске алу мақсатында, садақ атудан  ҚР ЕСЖ Ш.Әмірбековті еске алуға арналған Х халықаралық турнирі, «Бірлік Кубогы» І халықаралық турнирі өтеді.

Бұл жарысқа Армения, Грузия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан республикаларынан, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының басқа облыстар мен қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысуда.

Турнирдің мақсаты - садақ ату спортын  дамыту мен танымал ету, Ш.Әмірбековтің есімін дәріптеу және өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тарту.