Weekend
Алып шаһар Алматыға арналған жаңа ән көрерменге жол тартты
Әннің желісі әсем қала Алматының бүгінгі көрінісін айшықтай түседі. Аружанның жүрегінен шыққан ән көрермендердің көңілінен шықты. Ән құлақтың құрышын қандырады және әр тыңдаушыға Алматыға деген шынайы махаббатын қалыптастыруға шақырады. Сонымен бірге, әннің желісі өмір жолында адалдықты ту етіп, біреудің ала жібін аттамауға, ұрлық-қорлық, зұлымдық пен жамандықтан аулақ болуға бағыттайды.
Жас әншінің айтуынша, ол бұл ән арқылы әр алматылықтың жүрегіне мейірімділікті жеткізіп, ой салғысы келген. Иә, жас өнерпаздың бұл ниеті қабыл болары анық.
Жаңа әннің авторы – белгілі музыкант Самат Рыспанбет, бейнебаянның қоюшы режиссеры – Азамат Ержанұлы. Клиптің түсірілім жұмыстарына 30 адамнан тұратын шығармашылық топ атсалысқан.
Аружан Тастекейдің жаңа әнінің тұсаукесеріне еліміздің танымал өнер майталмандары қатысып, қонақ болып қайтты.
Аружан Тастекей 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келген. Алматылық арудың репертуарында «Қазағым» атты әні 2017 жылы жарық көрсе, 2018 жылы «Әжетайым», «Ағатайым және «Ару қыз», ал осы жылы «Менің қалам» атты әндері тыңдаушыларына жол тартты. Жас өнерпаз TAMOS мектебінің 7 сыныбында оқиды. Мектепте озат оқушы, бос уақытында Диана Шарапованың вокал мектебінде дайындалады. «Той Думан» телеарнасында «Хит теру» бағдарламасының жүргізушісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Аружанның репертуарында осы үш тілде жазылған әндер бар.
Аружан Тастекей қандай марапаттарға ие?
- Ұлттық «Бала дауысы»-2019 балалар ән байқауының лауреаты,
- “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” атты республикалық ән байқауының лауреаты,
- «Жұлдыз болғың келсе» атты республикалық ән байқауының жеңімпазы,
- «Планета искусств» халықаралық ән байқауының 1-орын иегері,
- Бота Бейсенова атындағы 2-ші республикалық өнер фестивалінің лауреаты.
Ал қазір Ресейде өтетін «Голос дети» байқауына дайындалып жатыр.