Hi-Tech
11 елде қазақ тілін онлайн оқуға болады
«Отандастар - болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстелін өткізу барысында «Қастерлі қалам» жобасының аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев 2019 жылдың соңына дейін қазақ тілінен 31 онлайн курс ашуды жоспарлап отыр деген мәлімдеме жасады.
- Бұл жобаның мақсаты отандастарымыздың қазақ қоғамымен байланысын нығайту, - дейді ол.
Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі басшысының айтуынша, жоба шетелде тұратын қазақстандықтардың өз ана тілдерін ұмытпауы үшін әзірленеді. Себебі тілдік ортасыз кез келген тіл ұмыт болады.