Денсаулық

Білгенге маржан: Шайды қалай дұрыс таңдауға болады?

Кейбір жандарға шай ішуге тыйым салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Диетологтардың айтуынша, асқазанында жарасы бар және гастродуоденитке (ішек ауруына) шалдыққан адамдарға шай ішуді тоқтатқан абзал. 

Сусын ас қорыту жолдарының шырышты қабығын тітіркендіріп қана қоймай, ол өттің толуына әкелмек. Дәрігерлер шайды асқазанның қышқылы жоғарылаған кезде сақтықпен ішу керектігін ескертеді. Қатты қайнатылған шайдың құрамында болатын кофейнді гипертония мен атеросклерозға шалдыққан жандарға мүлде қолдануға болмайды. Сонымен қатар, түнгі уақытта шайдағы танин мидың белсенділігін арттырып, ұйқысыздықты тудырады екен. Жасыл шайдың жиі қолданылуына байланысты бүйректе тастар пайда болуы әбден мүмкін, өйткені оның құрамында оксалаттар көп болады (оксалат қышқылы тұздар).

Диетологтар асқазан мен ішек аурулары бар адамдарға сүт шай ішпеуге кеңес береді, өйткені сүт ашыту қасиетіне ие. Ал аллергиядан зардап шегушілер шөпті сусындарды таңдауда абай болу керек. Денсаулығыңыз өз қолыңызда.