Саясат

Президент Украина мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәселені Норман төрттігінде шешкен жөн

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Украинаның шығысындағы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Канцлер Ангела Меркельмен келіссөзден кейін Президентке бауырлас елдің қазіргі жағдайы жөнінде сұрақ қойылды. Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мәселесін шешу жөніндегі ұсынысын еске салды.

– Тұңғыш Президентіміз Қазақстан аумағында Украина мәселесін шешуге бағытталған бітімгерлік ұсыныс жасады. Дегенмен, арадағы келіспеушіліктерге ең алдымен Норманд форматындағы жиында нүкте қойылады деген ойдамыз. Бұл басқосу 9 желтоқсанда Парижде өткелі тұр. Тараптарға сәттілік тілейміз. Украинамен бізді достық әрі жан-жақты әріптестік байланыстырады. Украина халқына құрметпен қараймыз. Олар бейбіт те берекелі өмір сүруге лайықты, - деді президент Тоқаев.

24.kz