Weekend

Шымкенттің көрікті орны: «Даңқ» мемориалы

140 мың сарбаз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалының аты да бүкіл ТМД елдеріне танымал. Мемориалдың кешенді құрылысы 2009 жылдан бастап қолға алынды.

2010 жылғы 7 мамыры күні ашылған «Даңқ» мемориалының мәрмәр тақтасына Ұлы Отан соғысы жылдарында шейіт болған 140 мың оңтүстікқазақстандықтың есімі қашалып жазылған. Бұл тарихи кешен неміс басқыншыларына қарсы соғыста ерлік көрсеткен халыққа деген құрмет белгісі іспеттес. Ордабасы алаңындағы ұшқыш батырлардың құрметіне қойылған ескерткіш ұшақ та осы Абай саябағына көшірілді.

Кешеннің жалпы ұзындығы – 285, ені – 22 метр, ал аумағы 6 мың 270 шаршы метрді құрайды. Оның айналасындағы 48 шаршы метр жер көгалдандырылған, 4 мың шаршы метр жерге плиталар төселген, 17 жарық шам және жоғары қуатты 10 прожектор орнатылған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сұрапыл соғыста мерт болғандар рухына арналған басқосуға қатысып, гүл шоқтарын қойып, «Даңқ» мемориалын жоғары бағалаған болатын.

Қазіргі кезде «Даңқ» мемориалы жалпы жұртшылықтың, қала меймандарының, әсіресе, жаңадан отау тігіп, шаңырақ көтерген жастардың тағзым ететін қасиетті орнына айналып отыр.