Саясат
Билік тұрғындарға бейбіт шеру өткізуге рұқсат берді
Бүгін Гонконг қоғамының әртүрлі саласынан қара киім киген мыңдаған азамат санкцияланған митингке шықты.
Reuters халықаралық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гонконг үкіметі наразылық білдірушілерді тыңдап, қабылдауға дайын екенін мәлімдеген. Желтоқсанның 7-сі, кеше аймақ үкіметі «көптеген қарсылық акцияларынан кейін сабақ алып, сынға құлақ асастынын айтып, ең бастысы, алдағы уақытта жаңа келіссөздерге мүдделілігін» танытқан. Сондай-ақ жергілікті билік ел халқын тыныштыққа, тәртіпсіздікке жол бермеуге шақырды.
Адам құқықтары күніне орай Адам құқықтарының азаматтық фронты өткізіп жатқан кеңмасштабты митингіге ұйымдастырушылар алдын-ала құзырлы мекемелерден ресми рұқсат алған.
Гонконг полициясының жаңа комиссары Крис Танның айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері – полиция сақшылары мен арнайы жасақ наразылық шаралары кезінде қандайда бір тәртіпсіздік бола қалған жағдайда «қатаң әрі жұмсақ» әдістерді «еркін қолдана алады».
8 желтоқсанда белсенділер алдымен Виктория паркіне жиналып, содан соң бизнес-орталыққа қарай барды. Ауқымды акция әлі жалғасып жатыр.
Адам құқықтары азаматтық фронты ұйымдастырған шерудегі наразылар.Гонконг, Қытай. 8 желтоқсан 2019 ж. Фото: REUTERS / Danish Siddiqui
«Қытайдың өзге аймағынан келген күдікітіні экстрадициялау туралы» заң жобасынан басталған қарсылық шаралары ерекше қарқын алып, маусымнан бері елде ірілі-орта көлемдегі 900-ден астам демонстрация шаралары мен көпшілік наразылық акциялары өткен.
Бүгін ертеңгілік полиция 20-63 жас аралығындағы күдікті 11 адамды ұстағанын, сонымен қатар олардан әскери пышақ, қару және 105 оқ, жартылай автоматты тапанша тәркілегенін хабарлады. Бұл жарты жылда наразылардан табылған алғашқы суық қару екенін еске сала кеткен жөн болар.
Ереуілшілер «Бостандық үшін күрес, Гонконгты қолда» («Fight for freedom, stand with Hong Kong») деп ұрандасты. Наразылар қазір Чатер даңғылына жиналып тұр.