Weekend

Шымкенттің көрікті жерлері: Тәуелсіздік саябағы

Спорт алаңы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздік саябағының салынуы да теңдессіз, тамаша құбылыс болды. Қазір ондағы түрлі-түрлі маңызды да мәнді орындар тұрғындардың да, жан-жақтан, шетелден келетін меймандардың да назарын ерекше аударады. Рәміздер алаңы сияқты таңғажайып алаңдардың тағылымдық, тәрбиелік рөлі орасан зор.

Тәуелсіздік саябағының өзі де, күллі кешенге кіретін бөліктері де, саябаққа апаратын аспалы жолдар мен көпірлері де таңғалдырады.

2010-2011 жылдары Шымкентте халықаралық стандарттарға сай келетін Ұлттық теннис орталығы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Орталық су спорты кешені, Садақ ату кешені бой көтерді. Ал Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің салынуы – жөні бөлек, жосығы ерекше оқиға.

2009 жылы Шымкентте «Жер Ана» монументі бой көтерді. 2010 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасына сәйкес бұрынғы Көл маңайындағы кең тегістіктерін заманауи заңғар және бүгінгі уақыт талабына жауап беретін дүниеліктері мен жасау-жабдықтары бар Неке сарайы жаңадан салынып, игілікке айналды. Осы Неке сарайына қарама-қарсы бетте «Шәмші әлемі» аллеясы салынды. Кейінгі жылдары бұл аллея көпшіліктің сүйікті алаңына және түрлі мереке, фестиваль, байқаулар мен жарыстар өтетін орынға айналған. Қазақ вальсінің королі, ән падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовқа Оңтүстік Қазақстанның, оның ішінде Шымкенттің құрметі өзгеше.

Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония да – шымкенттіктердің мақтанышы. Ән падишасының атымен аталатын мәдениет ошағында өзіміздің өнерпаздардан басқа шетелден де келіп концерт қойып жатады.