Weekend

Шымкент қаласы көрікті шаһарға айналуда

Инфрақұрылым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте барған сайын елдің елдігін танытар еңселі ескерткіштер көбеюде. Тек соңғы жылдардың өзінде Бәйдібек ханның, Алпамыс пен Қабанбай батырдың, Қажымұқанның, Тұрар Рысқұловтың, генерал Сабыр Рақымовтың, Сейдолла Бәйтерековтің, тағы басқалардың ескерткіштері бой көтерді.

Шырайлы Шымкент шаһары қазір бүкіл республика бойынша аса ірі агломерациялық, өндірістік, мәдени-рухани орталықтың бірі. Бұған 2011 жылы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассоциациясы Шымкент қаласын «ТМД және ЕурАзЭС» қалаларының арасында үздік қала» деп тануы, ал 2020 жылы ТМД мәдени астанасы атануы дәлел бола алады.

2012 жылдың 6 шілдесі елорда күні Шымкент қаласы үшін ерекше есте қалды. Дәл осы күні «Нұрсәт» шағын ауданында Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы басталды.

Шымкенттің бас жоспарына байланысты бұл жаңа орталық шаһардың таңғажайып тұғырлы бөлігіне айналды. Қазірге дейін мұнда 16 қабаттан тұратын облыс әкімдігі мен мәслихатының ғимараты, Көрме орталығы, «Отырар» кітапханасы, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, «Түркістан» салтанат сарайы пайдалануға берілді. Театр мен «Түркістан» сарайының ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.

Дендросаябақ, хайуанаттар бағы, атшабар (ипподром) маңайынан салынған Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, тарихи-өлкетану мұражайы, «Наурыз» алаңы да шырайлы Шымкенттің көркін еселеп арттыра түсті. Бәйдібек баба ескерткішіне қарай Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, басқа да түрлі саяжолдар, гүлзар мен айшықты аллеялар ашылды.

Елбасының келісімімен, Араб әмірліктерінің демеушілігімен 2013 жылы 1,6 млрд теңгелік, 3 мың орындық Орталық мешіт салынып, пайдалануға берілді. Таяу жылдары 8 мың орындық алып мешіт салынады деген жоспар бар.

Шымкент қаласының төңірегінде «Жасыл аймақ» құрылып, 2009-2012 жылдары 3 мың гектарға бір миллион түп ағаш отырғызылды. Ал 2020 жылға дейін жасыл аймақтың көлемі ұлғайып, 10 мың гектарға дейін кеңеймек.