Weekend

Рухани жаңғыру: Жұмат Шанин театрында қандай қойылымдар сахналанды

Шымкенттің академиялық театры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың қараша айында театр сахнасында 19 қойылым көрсетілді. Қойылымдар театр сахнасында жоспарға сай төмендегідей қойылды.

Қараша айының 5 күні Р.Отарбаевтың «БАС» қойылымы театр сахнасында қойылды. Қойылым «Рухани жаңғыру» аясындағы тарих тұлғасы М.Өтемісұлын бүгінгі ұрпаққа таныту мақсатында тақырып қозғайды.

14-15 қараша күндері театр репертуарына таңдалған жаңа қойылым Н.Птушкинаның «Күтпеген кездесу» комедиясының премьерасы өтті. Спектакльді Алматыдан арнайы шақыртылған режиссер Е.Қауланов сахналады.

15 қараша күні әдебиет бөлім меңгерушісі С.Қасымбек «Отырар» телеарнасында «Рухани жаңғыру» аясында тікелей сұхбатта болды.

18 қараша күні әдебиет бөлім меңгерушісі С.Қасымбек «НарТВ» телеарнасында «Рухани жаңғыру» аясында «Ашық алаң» бағдарламасында сұхбатта болды.

18-22 қараша күндері Атырау қаласында өткен Р.Отарбаевтың ІІІ Республикалық театрлар фестиваліне біздің театрымыз Р.Отарбаевтың «БАС» драмасымен қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Және де қойылымның режиссеры Қ.Қасымов «Арнайы жүлде» номинациясын, театрымыздың абыз актері М.Ілиясқар «Көрермен көзайымы» номинацияларын иеленді.

27-28 қараша күндері  театр сахнасында «Театр-17» жастар театрының А.Шымалиев сахналаған Э.Шмиттің «Құдайға хат» трагедиясының премьерасы қойылды.

29-30 қарашада театр репертуарындағы Р.Отарбаевтың нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы «Шырмауық» драмасы жас көрермендерге көрсетілді.