Спорт

Садриддин Ахмедов Қанат Исламның бұрынғы қарсыласымен қолғап түйістіреді

«Қазақ сарбазының» кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегінде Қанат Исламның бұрынғы қарсыласына қарсы жекпе-жек өткізеді. Кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен Ахмедов 13-қазан күні Канада елінде өтетін бокс кешінде сынға түседі. Отандасымыз мексикалық Норбэрто Гонсалеске (23-11, 13 КО) қарсы жұдырықтасады. 
Айта кетейік, Норбэрто Гонсалес 2017 жылы Қанат Исламмен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша есе жіберген болатын.