Weekend

Мұң

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұңымды мен ешкімге білдірмедім,

Сырды ұғатын, сырлы дос іздеп едім.

Сағыныштан сарғая өлең жазып,

Мұңмен сырды түсінер дос іздедім.

 

Көңілім жаз, жүрегім қыс болады,

Қырау басып сезімдер торланады.

Қапы қалып қаншама мүмкіндіктен,

Жүдеу тағдыр тағы да ортаяды.

 

Әуреленіп бақытты боламын деп,

Маған шаттық бір күні қонады деп.

Сыртым бүтін ал ішім түтін болып,

Қанша өтірік құрадым ойлана кеп.

 

Қарғыс айтып кей кезде өміріме,

Қиындықтан мүжіліп жеңілгенде.

Бәрін тастап кетіп-ақ қалғым келет,

Келмейтіндер мекені тар қабірге.

                                                Бибіт Нұрмұхан


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61