Weekend

Блогер болу оңай ма?

Блогерлердің өзіндік қиындығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгідей интернет дамыған заманда адам қиялы мен мүмкіндіктеріне шектеу қою мүмкін емес. Қазір кез келген адам әлеуметтік желілер арқылы өз ойын ашық айта алады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде оқырман жинап, белгілі бір аудиторяға өз пікіріңізді, өз көзқарасыңызды еркін жеткізсеңіз де болады. Осы мақсат та түрлі блогтар жасалады және блогты жүргізуші адамды "блогер" деп атайды.

Қазір екінің бірі блогер болуға құмар. Оны тек пост жазып, видео түсіріп қоюмен шектеледі десеңіз, қатты қателесесіз. Блогер өз аудиториясына не ұнайтынын, оларды не қызықтыратынын алдын ала білетін және соған қарай өз ісін туралайтын креативті, жан-жақты тұлға.

Блогер ол – білімді, мәдениетті, әр айтқан сөзін аса сауаттылықпен дәлелдей алатын, зерттеушілік-аналитикалық қабілетке ие маман иесі. Блогерлер тіпті бизнеспен де айналыса алады.

Олар өз парақшасы немесе арнасында жарнама беру арқылы кәсібін ілгері жүргізе алады. Оның әрбір блогынан оқырманы тың жаңалық күтеді. Сол үшін блогерлерге қойылатын талаптар та жоғары.