Weekend

Дәстүрдің біразы ұмыт болды

Дәстүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан.

Бүгіндері атаулары өзгерсе де, кейбір салт-дәстүрлерді қаймағын бұзбай сақтап отырған өңірлер бар. Әсіресе, Қазақстанның батыс пен оңтүстік облыстарында қазақтың салт-дәстүрлерін тастамай, күнделікті тұрмыста ұстанып жүр. Мысалы, ат тұлдау, аяққа жығылып кешірім сұрау, ақсарбас атау, аунату, байғазы беру, босаға байлау, енші беру, ерулік беру, жылу жинау, қалау айту, қазан шегелеу сияқты дәстүрлер сақталған.

Десек те қолданыстан мүлдем шығып, ұмыт болғандары да жетерлік екен. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеп жүрген ғалым, сыншы Дандай Ысқақтың айтуынша, қазақ халқы салт-дәстүрден ешқашан аттап кетпеген. Қазақ салт-дәстүрді құрмет тұтып, қалтқысыз орындаған халық. Өйткені сол арқылы барлық қарым-қатынасты ушықтырмай реттеп отырған. Яғни, көп мәселені дәстүр жолымен шешкен. Тіпті құда түсудің, олармен тез табысудың жолын да қарастырып қойған.