Weekend

Мотивация – өмірдің мәні және кез келген жетістікке жетудің жолы

Адам мотивацияны қайдан алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мотивация – белгілі бір мақсат үшін өзіңді ояту процесі. Адамдар өмір сүруге деген құлшынысты қоғамнан, қоршаған ортадан алады. 

Ал жұмысшы компаниялар мен ұйымдардан тұратын қоғам адамдарға тиісінше қажетті мотивация бөлігін бере ала ма? Кез келген компанияның өзінің мақсаттары бар. Сол сияқты адамның да өз мақсаттары мен жоспарлары болады. Сол мақсаттары аясында адам компанияға жұмысқа орналасады. 

Егер компания немесе ұйым басшылығы «Жұмысшының не қалайтыны мені қызықтырмайды. Жұмыс істе, ұнамай ма – сау бол!» деген қағида ұстанса, ол жақсы нәтиже бермейтіні анық. Себебі ең соңында мұндай компания тек жұмысшы-орындаушылармен ғана қалады. 

Ал егер әлгі компания керісінше, «Менің қызметкерлерім сондай мықты. Біз барлығымыз бір отбасымыз. Жұмысшыларымның көңілін қалдырмайын, сонда нәтиже де болады» деген қағидамен жұмыс істесе, нәтиже міндетті түрде болады.