Weekend

Қазір немесе ешқашан

Адамды мақсатына жылжытатын не нәрсе деп ойлайсыз? Еріншектік деген аты өшкір қасиетті қалай жеңеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Психологтардың айтуы бойынша,адам өзіне сенгенде ала алмайтын асуы жоқ. Бірақ,өзіңе сену дегеніміз не? Біздің көбімізді жұрттың балаларымен салыстырып өсіргенде, қалай өзімізге сенеміз? 

Жетістікке талпынудың өзі 50% жеңіс деп жатамыз. Алдымен, өзіңізді қабылдаңыз. Өз қателіктеріңізді мойындап, одан сабақ алуда тұрғанның еш айыбы жоқ. Тәуекел етуден қорықпаңыз. Өзгелер бірден бағындырған асуды сіз үшінші немесе төртінші қайтара жасағанда бағындыруыңыз мүмкін,бірақ бұл сіз олардан кем дегенді білдірмейді. Жұрттың ойы, пікірі сізді алаңдатпасын. Расында, әркімнің өз проблемасы бар, ешкімге сіздің мәселеңіз қызық емес. Өмірге бір ақ рет келгенде, неге арманыңыздағыдай шалқып сүрмеске?

Бәрімізде бір сылтау бар. Ертең байып кетсем деп жүргендер көп,бірақ ешкім бүгін бай болғысы келмейді. Болашақ үшін деп жүгіріп, дәл қазіргі бақытты байқамай жатамыз. Жастықтың буымен жасап қалмасаңыз, бойыңызда дәл қазіргідей жігер болмайды. 

Қазіргі әрбір әрекетіңіз тек сіздің емес, сіздің отбасыңыздың, болашақ ұрпағыңыздың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді. Ұйқы, тамақ ешқайда кетпейді, тұрыңыз! Ояныңыз! Жарты сағат ұйқыңыз сізді өз қатарластарыңыздан жарты жылға шегіндіріп тастауы мүмкін. 

Уақытты сізге ешкім қайтарып бермейді. Дәл қазір немесе ешқашан! Ертеңге қалдырудың қажеті жоқ!