Саясат

Трамп: КХДР денуклеаризациядан бас тартса, бәрін жоғалтады

Трамп Кимнің АҚШ Президентімен ерекше қарым-қатынасты жоғалтқысы келмейтініне сенім білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Пхеньянға "егер КХДР денуклеаризациядан бас тартса, онда осы кезге дейін екі ел арасындағы бейбіт бастамалар шеңберінде қол жеткізген жеңілдіктердің барлығынан айырылады" деп қорқытты.

Бұл туралы Трамп жексенбі күні ресми твиттер-парақшаларында бірнеше хабарламаларында жазды деп хабарлайды.

- Ким Чен Ын – ақылды адам, егер ол дұшпандық әрекеттерге барса, онда ол көп нәрсені жоғалтуы мүмкін – іс жүзінде бәрін жоғалтады. Ол Сингапурда менімен бірге денуклеаризация туралы қуатты келісімге қол қойған еді, - деп жазды Трамп.

Сонымен бірге, Трамп Кимнің «АҚШ президентімен ерекше қарым-қатынасын» жоғалтқысы немесе келесі жылғы қарашадағы АҚШ сайлауына араласқысы келмейтініне сенімін білдірді.

- Солтүстік Корея Ким Чен Ынның басшылығымен үлкен экономикалық әлеуетке ие, бірақ уәде етілгендей, олар денуклеаризацияны орындаулары керек. НАТО, Қытай, Ресей, Жапония және бүкіл әлем – бұл мәселеде бірге! - деді Ақ үй басшысы.