Weekend

Өткір ой қалдыратын фильм...

Нұртас Адамбай: "Зеленскийдің жолы мені қызықтырмайды"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Режиссер, сценарист, шоумен Нұртас Адамбайдың кезекті комедиясы 7 Қараша күні жарық көрген болатын. 

Бәріңіз барып, тамашалап, пікір айтып үлгердіңіздер деп ойлаймын. Өзім өте керемет әсер алып шықтым. Әр қалжынның астары көп фильм. 

- Шынымды айтсам, соңғы кинокартиналар пайда болғанда, олар менің ішкі үміттеріме сәйкес келмеді. Бұл «Лифт», «Құдалар». Мен сәл басқаша нәтиже күткен едім. Бірақ "Әкім" фильмін өңдеген кезде маған қатты ұнады. Менің пікірім көрермендермен сәйкес келеді деп сенемін, - деді Нұртас. 

Расымен де, барлығының көңілінен шықты деп ойлаймын. Қазіргі еліміздегі ең өзекті проблемалардың бірін көрсеткен керемет туынды.