Bugin

Шымкентте «Әділет кеңес береді» атты акция өтті

Шымкент қаласының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты акция өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әділет департаментінің құрылымдық бөлімдерінің мамандары және нотариус пен адвокаттар акцияға келген азаматтарды қабылдады. Сұрақтардың көп бөлігі мемлекеттік жәрдем ақы алу, алимент өндіру, жерді заңдастыруға қатысты болды.

Серік Әлімқұлов, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы: «Бозарық елдімекенінен келген азамат «Бау-бақшалық жер кітапшасы» бар. Жері мен үйін заңдастыра алмай жүр. Меншік құқығын тану жөнінде сотқа жүгенеді. Атқарушы органдарға да жүгінуіне болады».