Weekend

Ғаламторға байланған заман...

Әр күніңізді пайдалы өткізуді ұмытпаңыздар!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейін кеш болып жүрмесін... Қаншама құр бос өтіп жатқан уақыт... Әлеуметтік желіге байланып қалғанбыз бәріміз. Көзді аша салып Instagram, ұйықтарда Instagram. 

Кімнің не кигенін, ішіп-жегенін аңдимыз. Немесе өзіміздікін көрсетіп әлекпіз, біреу көлігін, біреу не тамақ жеп отырғанын. Осы әлеуметтік желіні игілігімізге жаратуды, ізденуді мүлде ойламаймыз! Қараң болып барамыз. 

Қазір тіпті бірдене жазсаң "ақылсынбашы" десе таң қалмайсың. Біреулер әкесіне, біреулер көкесіне сеніп жүрген заман. Қоғамдық көлікте кітап оқып отырған қызды көрсең, ішінен "өтірік оқымысты бола қалыпты ғой" дейтіндер бар. Себебі өзінің олай істеуге зауқы жоқ. 

Қоғамдық көлікте кітап оқығанша, "Скриптонит" тыңдаған артық деп санайтын жастар өте көп. Ертең артыңызда көп подписчигі бар парақшаңыз қалғанша, текті ұрпақтарыңыз қалуды ойлаңыз! Сол үшін әрекет етіңіз! Құр бос уақытты 60 жастан кейін де кетіріп үлгереміз.  

Алланың назарынан тыс қалудан қорқыңыздар! Баршаңызға жарқын болашақ тілеймін!