Weekend

Шымкент -Цирк мекемесінің сәнгері әртістерге арнайы шеберлік сыныбын өткізді

Шымкент қаласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Цирк әртістерінің әр сапары жауапкершілік пен қызыққа толы болары сөзсіз. Шымкент-Цирк мекемесінің барлық соңғы үлгідегі киімдері мен образға сай костюмдерін дер кезінде дайындайтын сәнгер Қызманат әртістерге арнайы шеберлік сыныбын өткізді. Ондағы негізгі мақсат - сапарға шыққанда үстіндегі киімдерін өздері ретке келтіріп, кем-кетігін жөнге салу. 

Әсемдегіш құралдардың қалай жабыстыру керектігін үйретті, сөтілген тігістерін сырт көзге білінбейтіндей етіп кестелеуді көрсетті сондай-ақ, үйлесімділікті қалай жөнге салуды сараптап айтты. Бүгінде өнері өрге қарай домалаған әртістердің жауапкершілігі мен талғамы арта түсуде. Сондықтан да олардың үйренуге деген құлшынысы көпті қуантады.