Weekend
Ең үздік жұп кімдер?
Екі жұлдыз отандық шоу-бағдарлама "Qazaqstan" ұлттық арнасынан 21 қыркүйекте қайта басталған болатын. Бұл бағдарлама мақсаты - танымал әншілер мен өзге саланың майталмандары ән айтып қана қоймай, ең үздік жұп атанып жеңіске жетуге талпынатын бірден-бір жоба.
Қатысушылар қатарында депутат, ұстаз, кино және театр актерлері, спортшылар,тележүргізушілер және тағы басқа саладан қатысатындар бар.
Әр сенбі сайын болатын бағдарламаның түрлі тақырыпта өтетіні бізге таныс. Қатысушыларға баға берушілер үш адамнан тұратын қазылар алқасы және залда отырған көрерменнің мобильді қосымша арқылы берген дауыс санымен бағаланады.
Музыкалық бағдарлама жүргізушілері - Гүлнұр Оразымбетова, Ғалымжан Кеңшілік және Нұрбигүл Егізова.