Weekend

Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады?

Франция, Италия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады?

Италияда

Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.

Оңтүстік Америкада

Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескі жылдың символы ретінде далада жағылған отқа өртеп жібереді.

Франция

Францияда адамдар жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.