Weekend
Алғашқы бейнебаянның тұсауы кесілді
Атышулы 91 тобының мүшесі Асе-тің інісі Асет Ашмақын Ресейде дебют алды.
Осыдан 2 күн бұрын бейнебаянның тұсауы кесіліп дүйім жұрттың назарына ұсынылған клипті бүгінде 657 мыңға жуық көрермен тамашалаған. Асет Ашмақын негізгі профессиясы бишілік. Ол Алматыдағы #wakeup лейблның үздік бишісі және көптеген атақшы әншілердің би қоюшысы ретінде жұмыс жасап жүрген.
Ал қазіргі таңда Malfa лейблында құрылған Inki тобының мүшесі. Ресей шоу-бизнесінде азия елдерінің стилі бойынша жұмыс жасауды бастаған алғашқы топ ретінде құрылыпты.
Алайда компания біз өз стилімізді құрып, болашақта көптеген жетістіктерге жетуді көздеп отыр. Бейнебаянды түсіру барысында Нұртас Адамбайда қатысып өз үлесін қосқан. Ал топтың продюсері Максим Фадеев екен. Қандасымызға болашақта жақсы жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.