Weekend

Жыл таңдауы: Елімізде үздік әншілер жыл статуэткасын алды.

Марапатсыз қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл таңдауы статуэткасына кімдер лайықты болды? Кімдердің еңбегі еленбей қалды?

2019 жылдың 1 желтоқсанында өткен жылдың ең ауқымды іс-шарасы Алматы Аренада өтті. Бір сахнаға түрлі жанрда ән айтатын әншілердің басын қосқан бұл шара өте жоғары деңгейде өтті. Өзіме ұнағаны көптеген әншілердің жанды дауыста ән айтып, #подтанцовка қойып түрлі образдарда шыққаны ұнады. 

2018 жылға қарағанда едәуір қызықты өтті. Көптеген сыйлы орынды Q-pop жанрының әртістері иемденді. Соның ішінде ауыз толтырып айтатын топ ол MadMen тобы. 3 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп биыл 2019 жылы алғашқы статуэткасын алғанын жігіттер инстаграм парақшасына жарыса салып, жанкүйерлеріне алғыс айтумен болды. 

Алайда іс шараның келеңсіз сәттері аз болған жоқ. EQ тобының сыйлық алмағаны, топтың жанкүйерлерінің ызасына тиіп түрлі фан-аккаунтардың жарыса жазып дауласуына ұласты. Ал жігіттер болса хейтерлерге ортан саусақтарын көрсетіп, олардың ойын елемейтінін жеткізді. EQ секілді тым еңбекқор топ қалайша марапатсыз қалғаны қызық... 

Ал көптің сүйікті тобына айналған 91 тобы осы жылы бірден 2 статуэтканы қоржындарына салып үлгерді. Бірақ өкінішке орай топ бұл іс-шараға қатыса алмады.

Ал енді келесі жылға нәтиже қалай болар екен?