Weekend

Достық - ең керемет ара-қатынас

Досы көпті жау алмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. 

Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Досына қарап сенің кім екеніңді айтайын деген сөзден-ақ, дос сенің өмірінде қаншалықты рөл атқаратынын білуге болады.

Дос ол сенімен қайғыда да, қуанышта да бірге болатын адам. Менің өмірімде дос деген ұғым өте үлкен рөл алады, себебі кез келген қиын жағдайда қолдау көрсетулері мені қуантады.

"Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында" дейді емес пе сол үшін достықты бағаланыздар дегім келеді. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Сол үшін дос таңдауда қателеспеу керек. Ортасына қарай өзің соған қарай бейімдей бастайды. Кез келген жағдайдан қасындағы адамдардың қолдауымен шыға аласын сол үшін жан ашыр адамдарыныз көп болсын.