Weekend
Кеңес шешімі
Директорлар кеңесінің шешімімен "Shymkent "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы болып Өмірсерікұлы Нұржан тағайындалды.
Н. Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Экономика" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық - заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2005-2006жж.- Қалалық қаржы бөлімінің есепшісі, Қызылорда қаласы;
2006 ж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы;
2006-2008жж.- Қызылорда облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы;
2008-2011жж.- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Астана қ.;
2011-2014жж.- Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы;
2014-2016жж.- - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, Тереңөзек кенті;
2016-2018жж.- Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы;