Weekend

Шымкентте Цитадельдің құрылысы қарқынды жүруде

Мәдени астана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы Цитадельдің құрылыс жұмыстары қала әкімі Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында. 

Ескі қалаға жиі ат басын бұратын шаһар басшысы тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

- Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарды өте қарқынды түрде жүргізуіміз керек. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет, - деген болатын Ерлан Қуанышұлы.