Weekend
Бұрын орынбасары болған
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 30-бабының 4-тармағы 33, 34-баптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы "Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және атестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту" туралы №70 бұйрығына сәйкес "Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры" МКҚМ-нің директоры лауазымына Әмірқұлов Бақдаулет Оңғарұлы тағайындалды.
Бақдаулет Оңғарұлы 1974 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Университетінің "Көркемөнерпаз үрмелі және эстрадалық оркестрі мен ансамбль жетекшісі" мамандығын иеленген.
1999-2002 жж - ОҚО "Ж.Шанин атындағы драма театры" әртісі;
2009-2015 жж - ОҚО "Әзіл-ысқақ және сатира театры" көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі;
2015-2019 жж -"Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры" директордың орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген.