Weekend

Қайырымды қала тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жандарға тосын сый жасады

Шымкент

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Шымкент қалалық Нұр Отан партиясы және Meyirim.kz электронды қайырымдылық порталының бірлескен қайырымдылық іс-шарасы өтті. 

Аталған шарада 25 мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға бір айлық азық-түлік таратылды. Айта кетерлігі, қайырымдылық іс-шараға демеушілік жасаған Қайырымды қаланың жеке кәсіпкерлері.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов Нұр Отан партиясы кез келген мәселені шешуге дайын екенін жеткізді. Ал, Meyirim.kz электронды қайырымдылық порталының төрағасы Шерхан Беймішов аз қамтылған отбасыларға барынша көмек көрсететіндерін айтты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61