Денсаулық
Инклюзивті білім
Мамандық таңдау - жасөспірім жастардың ең маңызды шешімдердің бірі. Ал бүгінгі күні сан-алуан мамандықтың түрі бар.
Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтын өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Осы тақырыпқа байланысты бүгін Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының психолог мамандары Шымкент қаласы білім басқармасының Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының 9-сынып оқушыларына мамандық таңдау тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.