Саясат
Халықаралық "Мирас" мектебіне 20 жыл толды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерейтойға орай STEM-жобалар көрмесі, “Мирас менің жүрегімде” фотокөрмеcі, көркемөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мектептің Қазақстанның білім жүйесін дамытуға косқан үлесін атап өтті.
Қазір отандық білім жүйесінің мекемелеріне “Мирас” мектебінің үздік шетелдік практика мен халықаралық білім стандарттарын интеграциялау жөніндегі тәжірибесі кеңінен енгізіліп жатыр. Біз сіздердің үлгілеріңіз бойынша оқу-әдістемелік шараларды дамытатын боламыз, – деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматыдағы халықаралық “Мирас” мектебі 1999 жылы “Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының” қолдауымен ашылған еді. Мектеп халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасын игерген. Мұнда мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары мен халықаралық білім беру бағдарламалары талаптарын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша дербес әзірленген оқу бағдарламалары жүзеге асып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61