Шымкент
қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі қызметінің
тиімділігін арттыру мақсатында Қаратау, Әл-Фараби аудандарында ұйымдастырылған
практикалық семинарға қалалық ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, «Қоғамдық
келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов және аудан әкімдіктерінің
жауапты қызметкерлері мен кеңес мүшелері қатысты.
Қоғамдық келісімді сақтау арқылы ел бірлігін бекемдеуді көздейтін кеңестердің
функциялары, жұмыс бағыты, міндеттері жан-жақты сараланған жиында
алда атқарылар жұмыс жайы талқыланды.
«Қоғамдық келісім кеңестерінің негізгі бағыты мен мақсат-міндеттері», «Қоғамдық
келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыптарында
сөз сөйлеген спикерлер кеңестердің қызметін саралап, үздік тәжірибелерді
аудандық кеңестер деңгейінде қолданысқа енгізу бойынша пікір алмасты.
Атап өтейік, өткен жылы қалалық ҚХА жанынан консультативті-кеңесші орган
ретінде құрылған кеңестердің құрамына жүзге тарта белсенді тұрғындар (абыройлы
ақсақалдар, кәсіпкерлер, этнос көшбасшылары, мәслихат депутаттары
және т.б.) мүше.
Бүгінге дейін кеңес отырыстарында «Құрылыс саласында бюджетті тиімді
пайдалану», «Медиаторлардың жұмысын жүйелендіру», «Қаладағы тұрғын үй құрылысы»,
«Арыс қаласы тұрғындарына көмек беру мақсатында ҚХА жанынан құрылған штабтың
қызметі», «Қала сыртындағы тұрғын алаптарда көрсетілетін медициналық қызметтің
деңгейі мен сапасы» сынды мәселелер қаралды.
Кеңес мүшелері мемлекеттік саясатты түсіндіру және жаңа әлеуметтік саясат
шеңберінде 135 кездесу өткізіп, этностар жинақы тұратын
шағынаудандар мен тұрғын алаптарда мақсатты жұмыстар жүргізді.