Weekend

Шымкент қаласы әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады

6 желтоқсан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының прокуратурасында 6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратурасы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала əкімі Ерлан Айтаханов пен қала прокуроры Мақсат Қожабаев және осы салада еңбек еткен ардагерлер, консультативтік кеңес мүшелері мен қатардағы қадағалау органның өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шарада сөз алған қала әкімі Ерлан Қуанышұлы аталмыш салада қызмет етіп жүрген барша заң қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, елдің тыныштығы мен игілігі үшін қызмет атқарып жүрген бірқатар прокуратура саласының қызметкерлерін марапаттады.

- Құрметті Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді ҚР Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі Прокуратура Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттерді орындап отырған, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегі. Сала қызметкерлері прокуратура органы қалыптасқалы бері заңдылықтың күзетінде жүріп, елімізде заңның дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуде табандылық танытып, аянбай еңбек етіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып келеді, - деді Ерлан Қуанышұлы құттықтау сөзінде.

Бұл күні өз қызметтерін мінсіз, адал атқарып, жоғары нəтижелерге қол жеткізген сала қызметкерлері ҚР Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталса, бірқатар прокурорларға арнайы сыныптық шендер берілді.

Салтанатты жиын прокуратура қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концертке ұласты.